Мас күйінде көлік жүргізген әйелді 2 рет пойыз қақса да аман қалды


Барлық оқиға патрульдің камерасына түсіп қалған. Ащы суға тойып алған әйел тәртіп сақшыларының ескертуіне қарамай қаша жөнелген. Алайда ол тізгіндеген көлік тура шойынжолдың үстіне барып тоқтапты. Осы сәтте ілесе жеткен пойыз темір тұлпарды қағып өтеді.Соққыдан темір жолдың екінші жолағына шығып кеткенде, тағы бір пойыз жетіп, көлікті сүйретіп әкеткен. Бір қызығы, осылайша екі рет пойыздың астына түскен мас келіншектің қолы сынып, көлігі жарамай қалғаны болмаса, аман қалыпты.