Мас полицей әріптесі отырған машинаға соғылып, 2 адамды мерт қылды


Алайда жолда жантүршігерлік апатқа шырады. BMW-ға бағдаршаманың қызыл түсіне өтіп кеткен «Mercedes» келіп соғылады. Бақылау камерасына түскен мына кадрларда мас полицей тізгіндеген көліктің жарысып келе жатқаны анық көрінеді. Сол жүйткіген күйі әріптесі отырған машинаның тас-талқанын шығарған. Салдарынан полицей мен наркологиялық диспансерге бара жатқан жүргізуші қайтыс болды. Ал өзі ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Кінәлі тәртіп сақшысы сол сәтте еңбек демалысында жүріпті.