Машкевич кезекті марапатқа ие болды


Марапатты израильдік “Керен ха-Йесод” қоры тағайындайды. Қалтасын қазақ жерінің кен байлықтарымен қампайтқан Машкевич дәл осы қорға жыл сайын миллиондап қаржы аударады екен. Қазақстандық олигархқа дейін “Исайя”-ны АҚШ президенті Билл Клинтон мен актриса Шэрон Стоун иеленіпті. Машкевич бұл атақты қарашаның басында алмақ. Дәстүр бойынша осы кезде Испания астанасы Мадридте әлемнің ең ауқатты еврейлері жиналады. Жиында Машкевичтен бөлек тағы 200-ге жуық қаржысы тасыған еврей ұлтының өкілдері болады деп күтілуде. Айта кетейік, Машкевичтің еврей диаспораларына миллиондап қаржылай көмек көрсетіп жүргенін Израильдің ақпарат құралдары былтыр жарыса жазған болатын.