Мәсімов Ақтөбеде сауда және көңіл көтеру кешенін ашты

Жаңа сауда және көңіл көтеру кешенін аралау Кәрім Мәсімовтың Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары бағдарламасының қорытынды нысаны болды. Қайрат Сұлтаналиннің айтуынша, бұл Ақтөбені дамытудың бас жоспары аясында салынған алғашқы көңіл көтеру мегакешені.

"Жақын арада облыс орталығында осы тектес тағы 3 - 4 кешен салынбақ. Сөйтіп, тұрғындардың мәдени демалу проблемалары шешіліп қана қоймай, қала тұрғындары отандық және шетелдік өндірістердің жоғары сапалы тауарларымен қамтамасыз етілетін болады",- деп атап өтті әкімшіліктің баспасөз хатшысы.

"Алатау" кешені жалпы алаңы 30 мың шаршы метрден асып жығылатын 4 қабатты ғимаратта орналасқан, оның құрамына белгілі сауда фирмаларының супермаркеттері кіреді. Кешен құрылысына 30 млн АҚШ долларынан астам инвестиция салынған.