ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Моңғолияда селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен #БаянӨлгий-дегі (#Моңғолия) селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетіледі", - делінген Үкімет басшысының Twitter желісіндегі жазбасында.
Еске салайық, 10 шілдеде Моңғолияның этникалық қазақтар шоғырланған Баян-Өлгий қаласында сел жүріп, 100-ден аса үй қираған еді. 700-ден аса адам баспанасыз қалды. Екі адамның қаза тапқаны хабарланды.