Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту перспективалары талқыланды.
Тараптар Қазақстан инвестициясының Грузия экономикасына қатысу мәселесін талқылады. Кездесу кезінде көлік, энергетикалық сектор, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мәселелері қозғалды.
Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Кәрім Мәсімов бүгін "Total Exploration and Production" компаниясының президенті Ив-Луи Даррикаррермен кездесті.
Тараптар мұнайгаз саласындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін, атап айтқанда, компанияның қазақстандық кен орындарын игеру жобаларына қатысуын және елімізде оның қызметін дамыту перспективасын талқылады.