Мәсімов «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңды қайта қарау керек деп есептейді

«Мен «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңды қайта қарау керек деп есептеймін. Ол тиісті міндеттерді шешуі тиіс. Біріншіден, ең алдымен сапа және екіншіден: біз өз өндірісімізді ынталандыруымыз керек», - деді ол дүйсенбі күні парламент палатасының бірлескен отырысында.

«Біз ол заңды қайта қарауға дайынбыз, және депутаттарды мемлекеттік сатып алулар туралы заңды қайта қарауға шағырамын», - деді ол.