Мәсімов Пекинде өндірістерді Қытайдан Қазақстанға ауыстыру туралы келіссөздер жүргізеді


"2014 жылы желтоқсан айында ҚХР премьер-министрінің Қазақстанға сапары барысында біз Қытай аумағынан өндірістерді Қазақстанға көшіру туралы келістік. Бұл бағдарламаны Қазақстан үшін де, Қытай үшін де тиімді деп санаймыз. Желтоқсан айының ортасында мен ресми сапармен Пекинге барамын, онда осы мәселені іске асыру жағын талқылайтын боламыз», деді ол сәрсенбіде Астаналық клубта.