Мәсімов Ресей Федерациясының өнеркәсіп және энергетика министрімен кездесті

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кәрім Мәсімов пен Виктор Христенко екі жақты ынтымақтастықтың болашағы туралы, атап айтқанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы президенттерінің екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды пәрмендендіруге бағытталған тапсырмаларын орындауды талқылады.

Виктор Христенко Кәрім Мәсімовты Астанада өткен үкіметаралық комиссияның қорытындысы жайында хабардар етті.

"Осы жылы біз тауар алмасу іс-шараларынан электроэнергетика мен мұнайгаз кешеніндегі жүйелі инвестициялық жобаларға көшеміз",- деп атап өтті Виктор Христенко.

Ресей Федерациясының өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенконың мәліметтеріне сүйенсек, жыл аяғында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы тауар айналымы 16 млрд АҚШ долларын құрайды.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі өз кезегінде, "екі ел үкіметтерінің өзара ықпалдастығының нәтижесінде Қазақстан мен Ресейдің арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға барлық жағдай жасалынғандығына" сенімділігін білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті