Онда өнер жұлдыздарының көпшілігінің 100 мың теңгеден аударғаны белгілі болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жұлдыздардың көпшілігі 100 мың теңгеден аударған. Онда, тек Бағым Мақсатқызының 1 млн теңге аударғанын көруге болады.
Көпшілік жұлдыздардың бұл "сараңдығын" сынға алған. Олар:
"Масқара, миллиондап ақша алып, аударғаны 100 мың теңге ме?", "Халық өзі кінәлі, сонша ақша шашып шақырады, бұлардың аударған ақшасының түрі мынау", "Бергенге разы болсаңдаршы халқым, олар емес, Үкімет аудару керек еді" деп жазуда олар.