“Масқара”: Жанкүйерлер “Қайрат” – “Пафос” матчының билет бағасына наразы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

21 қазанда өтетін матчтың билеттері 30 000 - 250 000 теңге аралығында сатылып жатыр.

Алайда жанкүйерлер билет бағаларына наразылық білдіруде. Олардың пікірінше, мұндай баға көпшілікке қолжетімсіз, әсіресе қарапайым жанкүйерлер үшін тым қымбат. Әлеуметтік желілерде “Қайраттың” ойынын стадионнан көру енді қарапайым жанкүйерлерге бұйырмайтын болды” деген пікірлер жиі жазылуда.

”Реалмен ақша жасап алды, енді Пафоспен ойынға қолжетімді қылса болады ғой”, “Өте қымбат”, “Стадион толмайды”, “Масқара, мынау бір айлық қой. Бізде теңдік жоқ. Осындай болса, қайдан жанкүйер боласың”, - деп жазды олар.

Еске сала кетейік, “Қайрат” пен “Пафос”арасындағы кездесу 21 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда алғашқы екі турда лиссабондық “Спортингке” (1:4) және мадридтік “Реалға” (0:5) есе жіберген еді.