Мәскеу Еуропадағы қауіпсіздік архитектурасын өзгертпек - Керри

«Украинадағы жағдай – бұл ескерту», дейді ол.

Мемлекет хатшысының айтуынша, АҚШ пен олардың еуропалық одақтастардың Ресейді еуроатланттық қауымдастыққа ықпалдастыру жөніндегі талпынысына қарамастан,  Мәскеудің Украинадағы қазіргі әрекеті Мәскеудің «басқа ережемен ойнап отырғанын» көрсетеді.

Дж.Керри атап көрсеткендей, НАТО елдері күш қолдану арқылы мемлекеттік шекараны өзгерткісі келетін кез келген елді райынан қайтуға мәжбүрлеу үшін бірге әрекет етуі тиіс.