Мәскеу көшелеріне Қазақстанның туы ілінді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаладағы көрікті жерлердің бірі - Останкино телемұнарасы біздің байрақпен безендірілді.

Ресей астанасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысы президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.