Мәскеу маңында екі пойыз соқтығысты


Айта кетейік, Мәскеу-Кишинев бағытындағы жолаушылар пойызы мен жүк пойызы бүгін күндіз соқтығысқан болатын.

«Алдын ала мәліметтер бойынша 5 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды», - полиция өкілі.

Дегенмен қаза тапқандар мен жарақат алғандар жайындағы ақпарат сан алуан. Мәселен, төтенше жағдай орындағы жетел штаб 5 адамның өліп, 45 адамның жарақат алғанын айтса, РФ Тергеу комитеті деректеріне сәйкес 4 адам қаза тауып, 11 адам жарақаттанған. Ал Молдавия Көлік министрлігі деректеріне сәйкес өлгендер саны - 9, жарақат алғандар - 15.