Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қырғызстанның Ресейдегі елшілігінің өтінішімен шығарылған Мәскеу үкіметінің шешіміне сәйкес жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардың тұрғындарына азық-түлік өнімдері, шатырлар, балалар киімдері, мектеп жиһаздары, жылытқыштар және басқа да бірінші қажеттіліктегі заттар берілген. Жалпы салмағы 113 тонна болатын жүк Қырғызстанға шілденің алғашқы күндері келіп жетеді.