«2016 жылы 30 маусымда, Ресей Федерациясының Бас прокурорының орынбасары Виктор Гринь «Евразия Логистик» ЖШҚ бұрынғы қаржы директоры Артем Бондаренкоға қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысын бекітті. Ол РФ ҚК 159 бабы 4 бөлімінде қарастырылған қылмыс (алаяқтық) жасады деп айыпталуда.
Тергеу нұсқасы бойынша, 2007 жылы Бондаренко ұйымдасқан топ құрамында несие комитетінің мүшелері мен «БТА Банк» АҚ өзге қызметкерлерін алдап, банктен сомасы 8,3 млрд рубльден асатын мүлкі және 5,4 млрд рубльден астам қаражатын жымқырды.
Сыбайластарына қатысты тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлайды РФ Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қылмыстық іс қаралу үшін Мәскеу облысының Домодедово қалалық сотына жолданды.