Мәскеу Украинаның НАТО-ға мүше болмайтынына сенімді

«Кез келген жағдайда олай болмайды. Бұл мүмкін емес», - деп РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Василий Небензя «Интерфакс» агенттігіне мәлімдеді.

«Біз ғана емес, Батыстағылар да Украинаның НАТО-ға кіруі Ресей үшін нені білдіретінін түсінеді», - дейді ол.

Оның пікірінше, Украина бейтарап қалады.


«Қазір де, болашақта да Украинаның НАТО-ға кіргенін мүлде елестете алмаймын», - деп ол журналистерге атап көрсетті.

Украинадағы саяси дағдарыстан шығу келіссөздер мен диалог арқылы жүзеге асырылуы тиіс.