Мәскеу және Пекин Орталық Азияда бәсекелес болуға тырысып отырған жоқ

Ресей және Қытай орталықазиялық аймақта ықпалды болуға күресіп отырған жоқ", деп мәлімдеді РФ СІМ жетекшісінің орынбасары Игорь Моргулов.


           "Орталық-азиялық аймақ ресейлік-қытайлық қатынастардың маңызды саласы болып табылады. Біз Орталық Азияда бәсекелес болуға тырысып отырған жоқпыз, саясатымызды өз ара мүдделерімізді ескере отырып құрып отырмыз", дедің ол дүйсенбіде баспасөз мәслихатында.
           "Оның үстіне қытайлық достарымыз біздің елдің бұл аймақтағы дәстүрлі ролін біледі, сол себепті ешқандай бәсекелестік жоқ", деді дипломат.
           Ол атап өткендей, Мәскеу және Пекин аймақта өз ара тығыз ықпалдасу мүмкіндіктерін көріп отыр.
           "Біздің Қытаймен экономикаларымыздың бір-бірін толықтырып отырғандығын білесіздер. Қытайдың елеулі қаржылық ресурсы бар, Ресейдің тәжірибесі, өнеркісіптік білімі және осы аймаққа қатысты тарихи байланысы бар", деді ол.