ТМД Атқару комитетінің хабарлауынша, бейресми саммитке шақыру барлық ТМД мемлекет басшыларына жолданды. Олардың кейбірі келісімін берді.
Атап айтсақ, 20 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары басталады. ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, екі ел жетекшілерінің келіссөздеріне еуразиялық қоғамдастық тақырыбы өзек болмақ. 22 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев бе ресми саммитке қатысады.
Сонымен бірге, Грузия президенті Михаил Саакашвили РФ бірінші вице-премьері Сергей Ивановпен кездесуде саммитке міндетті түрде келетінін мәлімдеді. "Мен өзімнің қатысатынымды растадым, міндетті түрде келіп, бірінші кезекте Ресей президенті В.Путинмен әңгіме-дүкен құратын боламын",- деді ол.
ТМД Атқару комитетінің агенттік тілшісіне хабарлауынша, "галстуксіз өтетін" саммиттің күн тәртібі алдын-ала белгіленбейді.
Сарапшылардың бағалауынша, президенттер биліктен кеткелі жатқан В. Путин мен барлық болжам бойынша ізбасар деп саналған Дмитрий Медведевпен амандасу үшін келмекші.