Мәскеуде Біртұтас Экономикалық кеңістікке мүше елдердің алғашқы интеграциялық форумы өтеді

"Форумның мақсаты - Біртұтас Экономикалық кеңістікке мүше елдердің интеграциялық саясатының ағымдағы басымдық берген мәселелерін республикалар өкілдерінің, бизнес пен сарапшылар қоғамдастығының талқысына ұсыну болып табылады. Бұл - кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топқа барлық мүдделі тараптардың пікірін назарда ұстауға мүмкіндік береді",- делінген баспасөз баянында.

Форумда Лондон экономика мектебінің "Біртұтас Экономикалық кеңістік : мүмкіндіктер, проблемалар, келешек" тақырыбы бойынша дайындаған баяндамасы таныстырылады. Беделді батыс институты ТМД аумағындағы интеграциялық перспективаға тұңғыш рет зерттеулер жүргізіп отыр.
Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топ құрамындағы қазақстандық өкілдерді ҚР үкімет басшысының орынбасары- индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев басқарады.