Мәскеуде ірі жол апаты орын алды: қаза болғандардың арасында Дағыстанның вице-премьері бар

Қаза болғандардың арасында Дағыстан үкіметінің вице-премьері Гаджи Махачев пен оның жұбайы бар. Саясаткердің қызы аман қалды. Ақ Mercedes-ті Г.Махачевтің өзі жүргізіп келе жатқан. Белгісіз себептер бойынша автокөлік жолдың қарсы бетіне шығып, басқа көліктермен қақтығысып қалады.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр, апаттың себептері анықталуда.