"Ұйымға мүше елдерге жақын аумақтарда жағдайдың өзгеріп отырғандығын ескере келе, ШЫҰ кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланбақ”, деп хабарлады РФ Қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметінен.
Олармен қатар кездесуге бақылаушы елдердің-Ауғанстан,Үндістан, Иран, Моңғолия, Пәкстан өкілдері қатыспақ.
Баспасөз қызметінен атап өткендей, ШЫҰ негізгі мақсаттары- саяси,сауда-экономикалық,ғылыми-техникалық,мәдени салалар бойынша тиімді ынтымақтасуға ықпал ету және аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықтың, қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету.