Мәскеуде коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханадан өрт шықты

Басылымның мәліметінше, өрт алты қабатты ғимараттың бірінші қабатынан шыққан. Өрттің жалпы аумағы – 20 шаршы метр.

"Жанып жатқан ғимарттан көрші корпусқа шамамен 200 адам эвакуацияланды", - деді ТЖМ өкілдері.

Өрт салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті.