Мәскеуде өлім аузында жатқан қазақстандық нәрестеге шұғыл көмек қажет

Қазір бала вакуум ішінде. Анасы оны Мәскеуге барғанда босанып қалған. Дәрігерлер жаңа туған сәбидің жүрегі сырқат болған соң арнайы аппарат қосыпты. Бұл жүрек дертінің алдында Ресейлік дәрігерлер де дәрменсіз көрінеді. Сондықтан, сәбиді айықтыру үшін тез арада Германияға жөнелту қажет деп отыр. Софияның ата-анасы елдегі дүние-мүлкін сатып, операцияға біраз қаражат жинаған. Алайда ол аздық еткен соң қарашадан көмек сұрайды.


 Юлия Галат, Софияның анасы:

- Қызымның әр сағаты санаулы. Қаражатты түгел жинауға уақыт аздық етіп отыр.  Біз оны жоғалтқымыз келмейді. Ота жасатуға қайырымды жандардан көмек сұраймыз.