Олжас Сүлейменовтың шығармашылық кеші Қазақстандық суретшілер Шыңғыс Ноғайбаев пен Зәуре Смағұлованың туындылары көрмесімен және "Алтын ішек" скрипкашылар оркестрінің концертімен ашылды.
"Соңғы уақытта Қазақстан Ресейге бұрын-соңды болмаған қарқынмен мәдени экспансияға шықты. Бұл әрине, тек қолдауға тұрады",- деді шығармашылық кешті ашқан РФ президентінің ТМД елдерімен гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бойынша арнаулы өкілі Джахан Поллыева.
Оның айтуынша, Ресей мен Қазақстанның мәдениет өкілдерінің іс-қызметі екі елдің экономикасы мен саясатына да үлкен әсер етіп отыр.
"Қазақстандағы Ресей жылы аяқталғанына қарамастан, екі халық аарсындағы достыққа уақыттық шектеу қойылмаған",- деді Д.Поллыева.
Қазақстан Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Қырымбек Көшербаев соңғы екі жылда екі жақты тауар айналымы бірнеше есе өскенін атап өтті. "2003-жылы екі ел арасындаы тауар айналымы 5 млрд. долларды құраса, 2004-жылдың аяғында бұл көлем 8 млрд. доллардан асады",- деді ол.
Өзара ынтымақтастыққа оңды мысал ретінде елші жуырда жүзеге асырылатын қазақстандық тұңғыш "Астана" мұнай танкерін суға жіберу шарасын атады. Қ.Көшербаев сондай-ақ екі ел арасындағы дипломатиялық тәжірибеде бірегейге саналатын "Мәңгілік достық туралы декларацияға" қол қойылғанын атап өтті.