Мәскеуде өтетін XIV халықаралық көркемсурет салонында ТМД және Балтық елдері суретшілерінің жұмыстары таныстырылады

Салон ТМД-ның құрылуының 20 жылдығына орай биыл жарияланған Достастықтың Тарихи-мәдени мұралары жылының аясында өткелі отыр.

Бұл шараны РФ Сыртқы істер министрлігінің, РФ Мәдениет министрлігі мен Ресей көркемсурет академиясының қолдауымен Суретшілер одақтарының халықаралық конфедерациясы мен ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры ұйымдастырып отыр.