Әділқазылар мүшесінің ішінде: РФ ТМД істері, шетелдегі отандастармен еуразиялық интеграция және байланыс жөніндегі ФҚ Мемлекеттік Дума Комитетінің төрағасы, «Ресей әлем қоры» МОФ басқарма төрағасы Леонид Слуцкий, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, РФ Қоғамдық палатасының мүшесі, ақын Андрей Деменьтев, «Россия сегодня» ХАА бас директоры Д. Кисилев, дипломатияны дамыту және шетелдегі отандастарды қолдау қоғамдық палата комиссиясының төрағасы, «Ресей әлем қоры» МОФ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Е. Сутормина және т.б. болды.
Қазақстаннан келген Қанат Құлахметов (Байқоңыр) «Поэзия» номинациясында 3-орын алды, 2-орын Элина Ермилова ( Рига қ., Латвия Республикасы) бірінші орын Татьяна Куприянец (Минск қ., Беларусь Республикасы).
«Проза» номинациясында бірінші орын Артем Хегай (Бішкек қ, Қырғызстан Республикасы), екінші орын - Левон Шахназарян (Ереван қ., Армения Республикасы), үшінші орын Саша Миндорианиге (Кишинев қ., Республика Молдова Республикасы) берілді.
Жеңімпаздар дипломдармен қатар, бірінші орын 100 мың рубль, екінші - 80 мың, үшінші орын - 30 мың рубль сыйлық алды.
Байқаудың арнайы жүлдесін журналист Светлана Медведева (Киев қ., Украина) иеленді.
Қазақстандық байқауға қатысушы осындай шараларға қатысу оған шабыт беретінін атап өтті.
«Бұл менің байқауға екінші рет қатысуым. Алғаш рет 2013 жылы ТМД елдері және таяу шетел жас жазушыларының форумына қатысқанмын, - деді ол, - Осы байқауда Ауғанстан мен Шешенстандағы соғыс жайлы өлеңдерімді оқыдым». Қанат Құлахметов осындай шаралар арқылы шетел қайраткерлерінің өнері мен шығармашылығымен танысуға, сондай-ақ қазақ ақындары мен әдебиетшілерінің шығармашылығымен таныстыруға мүмкіндік туатынына тоқталды.