Мәскеуде қалың тұманға байланысты қылмыстық іс қозғалды


Онымен қоса, түтіннің құрамында адам ағзасына кері әсері бар заттар да тарап жатыр екен. Бірақ Мәскеу билігі мұны жоққа шығарып отыр. Десе де дәрігерлер ауруханаға уланып түсіп жатқан науқас санының көптігін айтады. Қазір бұл іске қатысты прокуротура қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ, ауа құрамының да сараптамасы әзірленуде. Болжамға қарағанда, зауыттан сасық ыспен бірге, күкірқышқылы мен мұнайдың улы қалдықтары да тараған. Төтенше жағдай қызметi әзірге тұрғындарға жаппай бетперде тағып жүруге кеңес беріп отыр.