Мәскеуде қауіптіліктің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды

Алдын ала болжанған нөсер жауындарға байланысты, 5 қыркүйек күні Мәскеу мен Мәскеу түбінде қауіптіліктің «қызғылт сры» деңгейі жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.

«Ауа райы өте қауіпті. Табиғи апат болуы да мүмкін», - деп растады Ресей Гидромет орталығы.

Болжам бойынша, дүйсенбі күні Мәскеу қаласы мен облысында 16 мм жауын-шашын түседі, бұл қыркүйек айындағы мөлшердің ширек бөлігіне тең.