Мәскеуде қазақ қыздарының сұлулық байқауы өтті (ФОТО)

Оған тек Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер ғана емес, сонымен бірге, Ресейде тұратын қыздар да қатысты. Байқауға қатысушылар Қазақстан туралы, қазақ халқының салт-дәстүрінен білімдерін паш етті, оған қоса, салауатты өмір салтын ұстанып, жақсы әдеттерден ада еместігін дәлелдеу керек болатын.

Қорытындысында 50 қатысушының ішінде «Мәскеу көктемі» титулына Алматы қаласынан келген студент Мөлдір Жүсіпова ие болды.
«Бәріміз осындай байқауларды көрдік. Сұлулықтың әлемді құтқаратынын бәрі жақсы біледі. Өмірде маңызды үш нәрсе бар: сұлулық, махаббат және музыка. Олар біздің өмірімізді тамаша ете түседі», - деді «А-Студио» тобының жетекшісі, қазылар алқасының мүшесі Байғали Серкебаев.

Бірінші вице-мисс және "Тартымды сұлу" - Камила Құрманғалиева.

Екінші вице-мисс және ең талантты сұлу  - Ажар Абдулова

Айғаным Сембина көрермендер көзайымы және "Сымбатты сұлу ".



"Қайталанбас, біртума сұлу" - Мадина Ширмамедова

"Сәнді сұлу" - Айдана Серғалиева

"Күлкісі әдемі сұлу" - Алтынай Манепова

"Креативті сұлу" - Диана Ізбаева

"Романтикалық сұлу" - Ләззат Бүксүкбаева

"Әртістілік шебері басым сұлу" - Мадина Назарова

Суреттер tengrinews сайтынан алынды.