Caravan Logo

Мәскеуде Қазақстанның ұлттық көрмесі ашылды

Мәскеуде Қазақстанның ұлттық көрмесі ашылды

Көрменің ашылуында сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов "бұл қадамдардың барлығы Ресей және Қазақстан халықтарының достығын нығайтуға бағытталады",- деп атап көрсетті. Үкімет басшысы "қазақ халқы мәдениетінің арқау-негізін танып білуге деген құлшынысы үшін" ресейліктерге ризашылық білдірді.

Көрмеге еліміздің әр өңірінен жиналған әртүрлі 200 компания қатысуда. Көрме аясында еліміздің барлық облыстарының тұсаукесерін өткізу межеленген.
Көрме 17-тамызға дейін жалғасады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 15-тамызда Д.Ахметов Ресейдің үкімет
басшысы Михаил Касьяновпен жүздеседі.