Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл кездесу Қырғызстан президенті Ресейге жасаған қысқа мерзімді жұмыс сапарының аясында өтті. Екі мемлекет басшысы кездесу кезінде Қырғызстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі және өзара тиімді қарым-қатынастың оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Олар сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективаларын талқылады.