Мәскеуде саябаққа Ислам Кәрімовтің аты берілді

Кәрімов атындағы саябақ Большая Полянка көшесі мен 1-Казачьи тұйық көшесінің қиылысында - Өзбекстанның Ресейдегі елшілігі жанында орналасқан, деп хабарлайды Азаттық.

Мәскеу мэриясы бұған дейін Ресей мен Өзбекстандағы ғылым, саясат және өнер қайраткерлері бұл саябаққа Кәрімовтің атын беруді сұрағанын мәлімдеген. 1 қазанда Мәскеу мэриясының президиумында сөйлеген қала мэрі Сергей Собянин "Ресей президентінің Ислам Кәрімовті мәңгі есте сақтау туралы тапсырмасына сай" саябақты Өзбекстанның тұңғыш президенті атымен атау ұсынылғанын айты.

Өзбекстанды 27 жылға жуық уақыт басқарған Ислам Кәрімов 79 жасында қайтыс болды. Оның өлімі туралы алғашқы хабар 2016 жылы 29 тамызда шықты. Карімовтің қайтыс болғаны туралы ресми түрде 2 қыркүйекте хабарланды.