Сонымен қатар кеңесте Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің экономикалық ахуалы, ұйымды дамыту қоры мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының іскерлік кеңесін құру, Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің аймақтық экономикалық ынтымақтастығы туралы интернет-сайт ашу мәселелері сарапқа салынады.
Кездесуге Қазақстан атынан индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков қатысады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің экономика және сауда министрлерінің бұған дейінгі кездесуі биылғы жылдың мамыр айында Ташкентте өткен. Осынау кезектен тыс кеңес Өзбекстан жағының бастамасымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің мемлекет басшылары кеңесінің маусым отырысы қарсаңында өткізілген болатын. Министрлер онда Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде аймақтық ынтымақтастықты дамыту қорын құру туралы шешім қабылдады.
2001-жылдың маусым айында құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан енеді.
Алты мемлекеттің шаруашылық саласындағы өзара ынтымақтастығының ең өзекті әрі болашағы бар бағыттары - көлік, энергетика, табиғат пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау деп танылуда. Ұйым шеңберіндегі іскерлік әріптестікке оған мүше елдер экономикасының мемлекеттік емес секторын да белсенді түрде тарту көзделіп отыр.