Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қалалық шұғыл қызметіндегі ақпарат көзі хабарлады.
Оның айтуынша, жарақат алған 13 адамның 11-і Мәскеу ауруханаларының жан сақтау бөлімінде жатыр. Екі бала балалар ауруханасына жеткізілген. Олардың жағдайы орташа.
Жарақат алғандардың басым бөлігі Молдова азаматтары. Сонымен қатар, олардың арасында бір ресейлік пен Украинаның екі азаматы бар.
Бұған дейін хабарланғандай, апат сейсенбі күні Мәскеуден 80 шақырым жерде болған. «Мәскеу-Кишинев» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы жүк құрамымен соқтығысқан. РТЖ мәліметінше, апат жүк пойызы жолаушылар пойызының жетінші вагонымен жанасуы салдарынан болған көрінеді. Алты адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.