10-шы халықаралық саммит Ресей мен ТМД елдеріндегі телекоммуникация нарығындағы табысты стратегияларға талдау жасауға арналады.
Саммит барысында желілік ұйымдардың эволюциясына, кең алапты байланысқа қол жеткізу мүмкіндігі, қосымша қызмет түрлерін көрсету, клиенттермен қарым-қатынасты дамыту және пайданы оптимизациялау, телекоммуникация саласын реттеудің мемлекеттік саясаты, ғаламдық желіге қол жеткізу технологияларын дамытудың келешегі сынды мәселелер талқыланады.
Сонымен бірге саммит барысында Ресей мен ТМД елдеріндегі сымсыз желінің ахуалы мен эволюциясына жасалған шолудың тұсаукесерін өткізу межеленген. Саммитке "Комстар-ОTС", "Hutchison 3G Austria", "Связьинвест", "Уралсвязьинформ", РФ коммуникация министрлігі, "ТрансТелеКом", "Вымпелком", "British Telecom", "Евросеть", MTС, "BCC Company" және басқа да компаниялар қатысады.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті