Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесі сарапшылар тобының отырысы өтеді

ТМД Атқару комитетінің мәскеулік бөлімшесінен Ресейдің "Новости" ақпарат агенттігіне хабарлағанындай, сарапшылар Достастық елдерінің 2010-жылдара дейінгі астық рыногын құру және оның жұмыс істеуінің басым бағыттарының жобасын сарапқа салады.

Сондай-ақ, ТМД елдерінің темір жол транспорты саласында өзара келісілген тариф саясатын белгілеу тұжырымдамасы жөніндегі ТМД үкімет басшылары кеңесінің 1996-жылғы шешімінің орындалуы мен Достастық елдерінің 2004-жылғы фрахт жылындағы темір жолға қатысты тариф саясаты туралы тәптіштейді.
Сондай-ақ, "Батыр Брест бекінісі" ескерткіш кешенін күрделі жөндеу және реставрациялау жұмыстарын ТМД елдерінің үлестік жарнамен қаржыландыруы жөніндегі ТМД үкімет басшылары кеңесі шешімінің жобасы қаралады.
Отырыста сондай-ақ, Бүкіләлемдік кеден ұйымының ТМД елдері бойынша құқық қорғау жұмыстары жөніндегі аймақтық RILO-Москва байланыс торабының жұмысы мен Қазақстанның сауда-саттық саясаты туралы да талқыланады.