Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесінің жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

Отырыста бұрындары қабылданған құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамалардың жобасы қаралады. Атап айтсақ, 1992-жылдың 13-наурызында қол қойылған "Стандарттау, метрология және сертификаттау салаларында келісілген саясат жүргізу туралы келісім"; 1995-жылдың 10-ақпанында қол қойылған "Метрологиялық аттестациялау мен тексеру мақсатында тасымалданатын нормативтік құжаттар, эталондар, өлшем құралдары мен стандартты үлгі-нұсқаларды алып өтуге арнаулы рұқсаттар беру, салық пен кедендік баж салықтарынан босату жөніндегі келісім"; 1993-жылдың 12-наурызында қол қойылған "Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және олармен теңестірілген тұлғалардың жеңілдікпен жүріп-тұру құқығын өзара мойындау туралы келісімдерге" енгізілетін өзгерістердің жобасы қаралады.

Комиссия отырысының күн тәртібіне сонымен бірге ТМД-ға қатысушы елдерде 2010-жылға дейін ауылшаруашылығы техникасы, машиналар мен механизмдердің лизингтік жүйесін дамыту шараларының жобасы туралы және химия және мұнайхимиясы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық кеңестің іс-қызметі туралы талқыланады.

Сонымен бірге отырыста ТМД-ға қатысушы елдердің сарапшыларының еркін сауда аймағының жұмыс істеу мәселелеріне арналған 2007-жылғы 20-21-ақпандағы кеңесінің қорытындысын, бұған қоса экономикалық ынтымақтастық департаментінің ТМД аясындағы сыртқы экономикалық алыс-берістегі тауар номенклатурасын Тауарларды сипаттау және оларға код тағайындау жөніндегі өзара үйлестірілген жүйеге сәйкестендіру жөніндегі жазбаша ақпаратты талқылау жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті