Мәскеуде ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді

Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ТМД атқару комитетінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыс барысында күн тәртібіндегі 23 мәселені талқылау жоспарланған. Соның ішінде кеңестің бұрыны төрағасы Сергей Ивановтың жоғары лауазымға тағайындалып, РФ қорғаныс министрі орынтағына Анатолий Сердюковтың отыруына байланысты Кеңес төрағалығы туралы шешім қабылданады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті