Мәскеуде "ТМД: отын-энергетика және шикізат ресурстары" атты мемлекетаралық көрме-форум өткізіледі

ТМД Атқару комитетінен хабарлағанындай, төрт күнге созылатын көрме жұмысы барысында ТМД отын-энергетика, шикізат, машина жасау кешенінің компаниялары өз қарамағындағы озық технологиялар, материалдар, құрал-жабдықтар, құрылыс техникасы, мұнай кеніштерін іздеу және барлау технологиялары мен арнаулы киім-кешектерді ортаға салады.

Көрме-форумға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украиналық компаниялар қатысады.