Мәскеуде ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді

Сыртқы саясат мекемесінің басшылары онда 26-тамызда Қазанда бас қосатын ТМД мемлекет басшылары кеңесінің талқысына ұсынылатын бірқатар құжаттарды қарайды.

Бүгін Мәскеуде ТМД сыртқы істер министрлері орынбасарлары бас қосты. Бүгінгі отырыстың күн тәртібінде ТМД органдарын жаңалау және жетілдіруге қатысты мәселелерді қарау көзделген. Сонымен бірге ТМД елдерінің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы туралы келісімді пысықтау межеленген. Сонымен қатар сыртқы істер министрлерінің қарауына енгізілетін, толықтыруды талап ететін кейбір құжаттар сарапқа салынады.
Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары кездесу барысында Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 20 жылдығына және БҰҰ-ның 60 жылдығына орай
мемлекет басшыларының ТМД -ға қатысушы елдердің халықтары мен бүкіләлемдік қауымдастыққа арнап жасайтын мәлімдемесінің мәтінін талқылайды.