Бұл туралы "Эврика" газеті жазды.
Викторияның қазақ тіліне деген қызығушылығы 15 жасында ояныпты. "Батырхан Шүкеновтің "Отан Ана" әнін естігенде, менде бір өзгеріс пайда болды. Қандай сезімде болғанымды айтып жеткізу қиын... Ғажап ән. Батырхан оны өз Отанына деген мақтанышпен орындаған болуы керек. Сондай сезімі маған жеткен шығар. Міне, сол кезден бастап мен қазақ тілін үйренуге кәдімгідей кірістім" дейді ол.
Виктория егер жәйлап сөйлесеңіз, біраз сөздерді түсіне алады. Сонымен қатар, көкөністердің атын біледі. Бір өкініштісі, осы тұрғыда зағиптарға арналған кітаптың жоқтығы оған қиындық тудырып отыр.