Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің біртұтас әуеден қорғаныс жүйесін құру мәселесі талқыланды



Сонымен бірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымға мүше елдердің қарулы күштері өкілдерінің іс-қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру мәселесі де сарапқа салынады.
Сонымен бірге қол қойылған келісімдер аясында Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің қарулы күштеріне арнап мамандар дайындау мәселесі талқыланды.
Жаңаша қауіп-қатерлердің алдын алу саласы бойынша тұрақты кеңес Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің арнаулы қызметтері мен құқық қорғау мекемелерінің әскери-техникалық ынтымақтастығын одан әрі жетілдіру тақырыбын қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті