Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының жанындағы тұрақты кеңестің отырысы өтті

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, отырыста Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының сыртқы істер министрлерінің кеңесінің жынындағы Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобына және Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының әскери мазмұнына қатысты құжаттардың жобасы талқыланды. Бұл құжаттар қазан айының аяғында өтетін сыртқы істер, қорғаныс және қаржы министрлерінің орынбасарлары мен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше-елдердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының орынбасарларының консультациясында талқыланады.

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше.