Мәскеуде жиналатын ТМД мемлекетаралық кеңесі Достастық елдерінің көрме-жәрмеңке ісіне қатысты стратегиясын талқылайды

Мәжілістің күн тәртібіне мынадай ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер енгізілген: ТМД-ның құрылуына 15 жыл толуына орай 2006-жылы экономикалық форум мен көрме өткізу, Достастық елдерінің көрме-жәрмеңке ісіне қатысты стратегиясын талқылау, ТМД аясындағы үкіметаралық арнаулы көрмелердің 2005-жылға арналған жоспарын бекіту.

Сонымен бірге бас қосу барысында ТМД мемлекетаралық кеңесінің іс-қызметіне қатысты мәселелерді тиянақтау да көзделіп отыр. Атап айтсақ, Кеңестің және оның құрамындағы атқарушы органдардың 2005-жылдың алғашқы жартысындағы жұмыс жоспарын бекіту, Кеңес төрағасын сайлау межеленген.
Шараға Әзербайжан атынан ТМД мемлекетаралық кеңесінің көрме-жәрмеңке ісі жөніндегі Әзербайжан өкілі, экономикалық даму министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Алигусейн Шалиев қатысады.