«МИСиС» НИТУ спорт кешенінде ұйымдастырылған жарыстарға бірқатар жоғары оқу орындарының 12 командасы қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Елшілігінің баспасөз қызметі.
Финалда Мәскеу мемлекеттік Кен университетінің студенттері М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің командасынан басым түсті. Жеңімпаздарға Қазақстанның РФ Елшісінің Кубогы табыс етілді.