Мәскеуде зырғып келе жатқан троллейбус ортасынан қақ бөлінді

Бұл келеңсіз оқиға кеше, 28 қаңтарда орын алды. Троллейбустың тіркемесі ажырап кеткен. Оқиға орнына Мәскеу қалалық көлік  және апаттық қызмет мамандары шұғыл жетті. Олар апатқа ұшыраған қоғамдық көлікті тартқышпен сүйреп әкетті. 
Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды informing.ru.