Мәскеуден келе жатқан ұшақ қозғалтқышына құс кептеліп қалды


"Аэрофлот" рейсі Томскіден Мәскеуге 10:20-да (жергілікті уақытпен) ұшуы тиіс болған. Төтенше жағдайға байланысты сенбі таңына дейін, шамамен бір тәулікке кейінге шегерілді. Жолаушылардың бір бөлігі қонақ үйге орналастырылады.

Бұған дейін «Аэрофлоттың» еншілес "Победа" лоукостерінің бас директоры Андрей Калмыков Ресей әуежайларының құстардан қорғау деңгейі төмен екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, компания апта сайын құстармен соқтығысу оқиғаларын тіркейді.