Мәскеудің орталығында екіқабатты автобустар жүре бастады

City Sightseen компаниясының жобасы Туризм және мейрамхана шаруашылығы комитетінің қолдауымен өткізілуде. Барлығы 2012 жылдың соңына дейін тестілеу кезеңінде осындай екіқабатты бес автобус жолға шығады, әзірге шыққаны - үшеу.

Даблдекерлер астана әкімшілігімен келісілген үш бағдардың бірімен Кремль маңындағы Садовой сақинасы шегінде жүреді. Бағдар Болотня алаңынан бастап бір сағатқа жуық жүргізіледі. Автобустар 10.00-нан 18.00-ге дейін, демалыс және мерекелі күндері 10.00-нан 19.00-ға дейін 20 минут сайын жүреді. Билет бағасы 600 рубль.