"Мәскеудің тарих мұражайында" "Алматы тәуелсіздік жылдарында. 1991 - 2008 жылдар" атты көрме өтеді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл көрме Алматы қаласының Тарих мұражайы мен "Мәскеудің тарих мұражайы" бірлестігінің арасындағы келісім аясында өтеді. "Бұл Кеңес Одағы ыдырап, тәуелсіз мемдлекеттер орнағалы бергі Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ынтымақтастық аясында мемлекеттік мұражайлар өткізіп отырған алғашқы көрме", - деп көрсетілген жарияланған хабарламада.